Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Университетіміздің керлингшілері озып шықты!

Қозыбаев университетінің  «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері бірнеше жылдар бойы керлинг бойынша Солтүстік Қазақстан облысының құрамасына мүше. Олар әр түрлі деңгейдегі жарыстарда үнемі жүлделі орындарға ие болады.

Міне, осы жолы да Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында барлық өңірлерден келген 12 құрама арасында жеңімпаз атанды! Ксения Шкурина, Алина Искакова, Алина Масловская мұз үстінде өз шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Спорттық жетістіктерімен қуантқандар қатарында  ПФ студенттері Фархат Раев пен Александр Волокитин де бар. Олар СҚО ерлер командасының құрамында 3-25 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өткен керлинг бойынша ҚР V-ші қысқы спартакиадасының күміс жүлдегері атағын жеңіп алды.

Тартысты бәсекеде барлық құрамалар бар шеберліктерін көрсете білді. Жүйріктерді Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті Д.Ю. Зернов және аға оқытушы И. В. Буняшин дайындайды. Спортшылар бұл жетістіктерімен тоқтап қалмай, бірден 2022 жылғы ақпан айында өтетін жарысқа қызу дайындықтарын бастап кетті.

Атап өткен жөн, біздің студенттер ұлттық құрамаға кіреді. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отыра, жоғары жеңістерге жетулеріне тілектеспіз!

27.12.2021