Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге конкурс өткізу туралы

2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге конкурс жарияланды. 

«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысына және М. Қозыбаев атындағы СКУ академиялық саясатына сәйкес жүзеге асырылады:

  • Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға жүзеге асырылады.
  • Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс бос білім беру грантын беру туралы куәлікті бере отырып, барлық оқу кезеңі үшін GPA үлгерімінің орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі.
  • GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- («өте жақсы») бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалар, бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар. 

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 14 қаңтарда сағат 17:00-ге дейін жүзеге асырылады 

СТжҚКО-на ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі (2 корпус):

  1. Ақылы негізде білім алушының ЖОО Басқарма Төрағасы - Ректорының атына бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініші.
  2. Білім алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  3. Білім алушының Транскриптісі.

Бос гранттар, 2021-2022 оқу жылының қысы

27.12.2021