Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Оқуға ақы төлеу бойынша жеңілдікке үміткер білім алушылардың өтініштерін қабылдау туралы

05.01.2022 ж. бастап 24.01.2022 ж. қоса алғанда оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдікке үміткер білім алушылардың өтініштерін 2 корпустың 1-қабатының фойесінде орналасқан СҚКТО "электронды кезек" тәртібінде немесе студенттерге қызмет көрсету және тіркеу орталығының электрондық поштасы cos_skgu@mail.ru арқылы қабылдау жүзеге асырылады. 

Құжаттар тізімі:
1) академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесінің атына өтініш;
2) Транскрипт (білім алушының өтінішіне студенттерге қызмет көрсету және тіркеу орталығы береді және тіркейді);
3) жеңілдіктер түрлеріне сәйкес растайтын құжаттар: 

1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдарға, жетімдерге оқудың барлық кезеңіне оқу құнының 10% мөлшерінде жеңілдік беріледі; оқу жылы ішінде емтихан сессияларын ойдағыдай тапсырған А, А бағаларымен - білім алушы қорытынды бақылауды "қанағаттанарлықсыз" баламасына сәйкес келетін "FX", "F" бағаларымен қайта тапсырмаған жағдайда бір академиялық кезеңге оқу құнының 20% мөлшерінде жеңілдік беріледі.

Құжаттар тізімі:

  • туу туралы куәліктің көшірмесі;
  • екі ата-ананың және/немесе жалғыз ата-ананың қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі және/немесе сот шешімімен ата-ананың құқығынан айырылғанын растайтын құжаттың көшірмесі және/немесе сот шешімімен қамқоршының тағайындалғанын растайтын құжаттың көшірмесі.

2. мүмкіндіктері шектеулі адамдарға А, А-, В +, В, В-, С+ бағалары болған жағдайда және «қанағаттанарлықсыз» баламасына сәйкес келетін «FX» бағасы бар қорытынды бақылауды қайта тапсырмаған жағдайда, бір академиялық кезеңге оқу құнының 10% мөлшерінде жеңілдік беріледі;

Құжаттар тізімі:

  • 026-у нысанды ДКК анықтамасы.

3. М.Қозыбаев атындағы СҚУ қызметкерлерінің балаларына А, А-, В +, В бағалары болған жағдайда және «қанағаттанарлықсыз» баламасына сәйкес келетін «FX» бағасы бар қорытынды бақылауды қайта тапсырмаған жағдайда, бір академиялық кезеңге оқу құнының 10% мөлшерінде жеңілдік беріледі;

Құжаттар тізімі:

  • туу туралы куәліктің көшірмесі;
  • ата-анасының М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да жұмысқа орналасқанын растайтын анықтама.

4. М.Козыбаев атындағы университетінде бір мезгілде екі және одан да көп мүшесі оқитын отбасы өкілдеріне (отбасының әрбір мүшесіне) академиялық кезеңге растайтын құжаттарды ұсынған кезде және білім алушылардың тек А, А -, В+, В бағалары болған және "қанағаттанарлықсыз" баламасына сәйкес келетін "FX", "F" бағасымен қорытынды бақылауды қайта тапсырмаған жағдайда оқу құнының 10% мөлшерінде жеңілдік беріледі;

Құжаттар тізімі:

  • білім алушылардың туу туралы куәлігінің көшірмесі.

5. көпбалалы (4 және одан көп кәмелетке толмаған балалар немесе күндізгі бөлім студенттері 23 жасқа толғанға дейін) отбасылардың өкілдеріне, сондай-ақ екі ата-аналары да мүмкіндіктері шектеулі мүгедектер немесе зейнеткерлер болып табылатын отбасыларға оқу жылына растайтын құжаттарды ұсынған кезде және білім алушының тек А, А -, В+, В бағалары болған және "қанағаттанарлықсыз" баламасына сәйкес келетін "FX", "F" бағасымен қорытынды бақылауды қайта тапсырмаған жағдайда оқу құнының 5% мөлшерінде жеңілдік беріледі;

Құжаттар тізімі:

  • туған жылы көрсетілген отбасы құрамы туралы анықтама және/немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (балалар); және/немесе зейнеткерлік куәліктің көшірмесі; және / немесе ДКК анықтамасының, ата-аналардың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.

6. республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бір академиялық кезеңге бір реттік жеңілдік беріледі: 1 орынға - оқу ақысының 10%; 2 орын үшін - оқу ақысының 7%; 3 орын үшін - оқу ақысының 5% мөлшерінде;

Құжаттар тізімі:

  • Республикалық пәндік олимпиадалардың және республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының жеңімпазы мен жүлдегерлері сертификатының (куәлігінің) көшірмесі.

7. «Алтын белгі» белгісінің иегерлеріне оқу ақысының 20% мөлшерінде бір академиялық кезеңге бір реттік жеңілдік беріледі.

Құжаттар тізімі:

  • аттестат және қосымшасы көшірмесі;

8. Әлем Чемпионатына қатысатын спортшыларға, Қазақстан Республикасының құрама командаларының мүшелеріне бір академиялық кезеңге 10% жеңілдік беріледі;

Құжаттар тізімі:

  • ҚР құрама командаларының мүшелігін және әлем Чемпионаттарына қатысуын растайтын анықтаманың (дипломның, куәліктің) көшірмесі.

9. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдарға, жетімдерге, сондай-ақ дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қосымша білім беру қызметтерін көрсету кезінде (академиялық айырмашылықты жою, пререквизиттік пәндерді қайта есепке алу) бір кредит құнының 50% мөлшерінде жеңілдік ұсынылады;

Құжаттар тізімі:

  • 026-у нысанды ДКК анықтамасы.
28.12.2021