Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Еңбегі еленген жастар

Ел болашағы жастар болғандықтан, олар үшін халықпен етене жақын араласу, ізеттіліктерін көрсетіп, қолдау білдіру – саналы ұрпақ үшін жарасымды іс. Пандемиямен күресте ерекшеленген университетіміздің  2 курс студенттері «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алатын Евгений Соловьев және Ксения Мокринская  ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Халық алғысы» мемлекеттік медалімен марапатталды.

Төсбелгілер волонтер студенттерге коронавирустық инфекциясымен күресте алдыңғы қатарда болғаны үшін берілді. Олардың ішінен пандемияға байланысты төтенше жағдай орын алған шақта да ерікті ретінде қол ұшын созған волонтер Евгенийді ерекше атап өткен жөн. Ол қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін ҚР Ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды.

«Биыл өмірімізде елеулі оқиғалар орын алды. Жыл өте қызықты, әрі тартысты өтті. Өйткені маңызды мемлекеттік марапатқа ие болдық. Пандемия басталған жылдан бастап еріктілер тобы құрылып індет кезінде тұрғындарға азық түлік пен дәрі-дәрмек сияқты қажетті заттарды жеткізіп, қарт адамдардың ауласын қардан тазалап, қол ұшымызды создық. Бүгінде кеудемізге тағылған төсбелгі жүрегімізге жылу сыйлайды»-деп студенттер жылы лебіздерін білдірді.

Осы сияқты талай игі бастамалардың басы-қасында жүріп, қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып жүргендердің  қатарында Қозыбаев университетінің жас оқытушылары да бар. Солардың бірі, «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Айтымова. Ол студент жастар арасында волонтерлікті дамытып, қоғам игілігіне жасап жатқан қызметі үшін «Халық алғысы» мемлекеттік медалімен марапатталды.

Бастапқыдан бері еріктілер зарарсыздандыру жұмыстарына қатысты, жұқпалы аурудан ем қабылдап жатқан, аз қамтылған азаматтарға дәрі-дәрмек, тамақ және қорғаныш құралдарын жеткізді. Расында да, жұртына деген шынайы жанашырлығын ісімен дәлелдеген нағыз азаматтар.

29.12.2021