Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жаңа жылдық кеш

Қозыбаев университеті жаңа жыл мерекесін әдеттегідей барлық сән-салтанатымен қарсы алды. Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахна шымылдығян білім ордамыздың түлектері «5 жаңалық» құрамасының жайдарманшылары көңілді әзілдерімен ашып, жиналғандарға ізгі тілектерін жаудырды.

Кеш қонақтары көңіл толқытар би мен әсем әнге бір сусындап қалды. Университетіміздің студенттерінен құралған өнерпаздар  жиылғандардың ыстық ықыласына бөленді.  Жаңа жылдық кеште Аяз Ата мен Ақшақар барша қауымды құттықтап, көрермендерді шат-шадыман күйге бөледі.

2021 жыл университет үшін жаңалықтарға толы болды. Атап айтсақ, оқу ордамыз М. Қозыбаевтың 90 жылдық мерейтойын, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын үлкен абыроймен атап өтті. Сондай-ақ, университетіміздің жас ғалымдар кеңесі республикада үздік деп танылып, көптеген білім алушыларымыз республикалық және халықаралық олимпиадалар мен талай жарыстарда жеңіске жетті.

Қозыбаев университетінің  ұжымы келе жатқан жаңа жылды жақсы көңілмен  қарсы алды. Барша ұжымға келер жылда табыс пен денсаулық тілейміз. Жаңа 2022 жыл құтты болсын!

30.12.2021