Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

ЖОО-ның білім беру бағдарламалары аккредиттеуден сәтті өтті

Желтоқсанның соңғы онкүндігінде Қозыбаев университетінде ARQA аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттіктің сарапшылар тобы жұмыс жүргізді. Педагогикалық, техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттағы бакалавриаттың, магистратураның және докторантураның 10 білім беру бағдарламасы тексерілді:

6В01404 Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық
7М01401 Дене шынықтыру және спорт
6В06104 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
6В06105 Бағдарламалық жасақтама сәулетшісі
7М01502 Математика
7М01501 Информатика
7М01503 Физика
7М01504 Химия
8D07102 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
8D04101 Экономика

ARQA Аккредиттеу кеңесі отырысының нәтижелері бойынша 5 жыл мерзімге 10 білім беру бағдарламасын толық мамандандырылған аккредиттеу туралы шешім қабылданды. Осылайша, Қозыбаев университетінің тәуелсіз сараптама рәсімінен сәтті өтті. ПОҚ және білім алушылар ұжымын осы жоғары көрсеткішпен құттықтаймыз!

11.01.2022