Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
«Масленица келе жатыр – құймақ және бал әкеледі!»
«Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының студенттері «Масленицаның» ашылу салтанатын конкурстармен, әндермен және әсерлі билермен өткізді. Мерекенің символы мен басты тағамы – құймақ - күнді бейнелейтін алтын, дөңгелек, ыстық. Бұл мерекедегі құймақ ерекше дәмді болады. Іс-шара барысында студенттер «Масленица» мерекесінің кезеңдерімен, мереке кезінде сақталатын дәстүрлермен таныстырып, дәмді тағамдар дайындады. Мұндай іс-шаралар студенттердің барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрлеріне деген құрметін қалыптастырады.
