Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Қазақстан Республикасындағы John Deere техникасы
Габдулин Альдиярды «Қазақстан Республикасындағы John Deere техникасы» тақырыбындағы «Үздік студенттік жұмыс» конкурсында бірінші орын алғанымен құттықтаймыз!
Көкшетау қаласында «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС компаниясының базасында «Қазақстандағы үздік John Deere техникасы» тақырыбында республикалық студенттік жобалар байқауы өтті.
Байқауға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан білім алушы қатысты.
Альдияр «Агрономия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті, осы ауқымды байқауға алғаш рет қатысып отыр, оны Германия мен Америкада орналасқан «Джон Дир» техника шығаратын зауыттардың біріне сапар күтіп тұр.
Барлық қатысушылар өте жақсы кәсіби дағдыларын, маңызды шығармашылық әлеуетін, күшті, лайықты қарсыластарымен тең күресуге қабілеттерін көрсетті.