Сөздәйектер галереясы
Дұрыс сөздер көркем емес. Көркем сөздер сенімді емес. Жанашыр шешен емес. Шешеннің жанашыр болуы міндет емес. Білгір дәлелдемейді, дәлелдеуші білгір емес
Ғылымда шекара жоқ
Халықаралық ынтымақтастық аясында бүгін Херсон мемлекеттік аграрлық-экономикалық университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Жуйков Александр Геннадиевичпен «Қазіргі заманғы органикалық егіншілік жүйесіндегі өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдісі: тарихы, жағдайы, болашағы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәріс барысында профессор өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, табиғи популяциялардың динамикасы, зиянды жәндіктермен күресудің биологиялық әдістері, фитофагтар мен өсімдіктердің өзара әрекеттесуі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Біздің әріптесімізге және профессорға танымдық дәріс және материалды қызықты жеткізгені үшін алғысымызды білдіреміз. Келесі кездесулерді асыға күтеміз!
