Жыл сайынғы студенттік ғылыми қоғамдардың ғылыми жетістіктері көрмелерінің қорытындысы шығарылды, онда студенттер соңғы жылдағы ғылыми жұмыстарының нәтижелерін көрсетті. Келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: ғылыми компонент, тәжірибелік нәтижелердің болуы, студенттік зерттеулердің дербестігі, олардың аймақ пен ҚР шеңберіндегі өзектілігі, курстар арасындағы СҒҚ жұмысының сабақтастығы және т.б. Байқау қорытындысы бойынша Агротехнологиялық факультетінің СҒҚ 3 орынға ие болды. Тақырыбы: «Картопты in vitro жағдайында микроклоналдық көбейту». Әрбір үздік СҒҚ жас ғалымдар кеңесінің бюджетінен әрі қарай ғылыми зерттеулерге 50 000 теңге мөлшерінде қаражат алады. Құттықтаймыз!!! |