Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
«Педагогика және психология» кафедрасының кәсіптік бағдарлау жұмысы
Мектеп түлектеріне өз мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Сол себепті «Педагогика және психология» кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қалалық түлектеріне кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айтып, үлкен маңызға ие болатын ақпараттар ұсынды. Осы аптада Петропавл қаласындағы «№4 орта мектеп» КММ, «№26 мектеп-балабақша» КММ, «№40 орта мектеп» КММ, «№13 орта мектеп» КММ, «№27 орта мектеп» КММ, «№12 орта мектеп»» КММ, «№6 орта мектеп» КММ, «№20 орта мектеп» КММ, «№21 орта мектеп» КММ, «№24 орта мектеп» КММ, «№7 орта мектеп» КММ, «№23 орта мектеп» КММ, «№10 орта мектеп» КММ, «№43 орта мектеп» КММ, «БЭСТ гимназиясы» КММ мектептеріне барды. «Педагог және психолог» мамандығы жастар үшін өте маңызды, пайдалы, қызықты және де еңбек нарығындағы сұранысқа ие болған мамандықтарының бірі. Кафедрамыздың студенттеріне сапалы оқу, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен басқа елдерде білім алу, педагогикалық және психологиялық салаларында әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, кафедра түлектеріне жұмыспен қамтамасыз ету, болашақта үлкен мансап күтеді!
