Сөздәйектер галереясы
...Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.
Жас ғалымдар кеңесі ғылыми Start-up жобалар байқауын өткізуді жариялайды
М. Қозыбаев атындағы СҚУ Жас ғалымдар кеңесі ғылыми Start-up жобалар конкурсын өткізеді.
Байқаудың мақсаты: «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ білім алушылары қатарындағы жас зерттеушілерді ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижесіне негізделген инновациялық жобаларды іске асыру арқылы қолдау.
Байқауға қатысушылар: конкурс жеңімпаздарының конкурстан кейінгі кезеңде міндеттемелерге ие болуына байланысты, конкурсқа бакалавриаттың 1-3 курс студенттері және 1-курс магистранттары (бітіру курстары емес) жіберіледі.
Байқауды өткізу жоспары: байқау екі кезеңде: сырттай форматта (жартылай финалдық кезең) 2022 жылдың 20-22 сәуірінде және оффлайн-режимде (финалдық кезең) 2022 жылдың 25 сәуірінде өтеді.
Байқауды өткізу тәртібі: конкурсқа қатысушылар 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін өздерінің ғылыми жобаларының қысқаша сипаттамасы бар өтінімдерді (қосымшаға сәйкес) конкурстық комиссияның smu@ku.edu.kz e-mail-на жібереді.
Алдын ала кезеңде финалдық кезеңге қатысу үшін үздік жұмыстар іріктеледі. Финал 2022 жылдың 25 сәуірінде (№1 ОК 115 аудиториясында) пікірталас форматында өтеді, онда қатысушылар өз жобаларын ұсынады (презентация 15 слайдтан аспауы тиіс, сөйлеуге 10-15 минут).
Байқау қорытындысы 2022 жылдың 29 сәуірінен кешіктірілмей шығарылады. Конкурсты өткізу нәтижелері бойынша үш жеңімпазға коммерцияландыру перспективасымен өзінің ғылыми жобасын ілгерілетуге 80000 (сексен мың теңге) мөлшерінде ақша қаражаты бөлінетін болады.