"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...

Д.Дидро

Балаларға арналған іс-шара «Ертегілер елінде»

        2022 жылғы наурыздың 29-ы «Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытуышысы М.Т. Касенованың  және Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық бала-жасөспірім кітапханасының «Ұлттық және шетел бөлімі» басшысы А.Ә. Секренованың жетекшілігімен Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық бала-жасөспірім кітапханасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері 5-10 жасар балаларға арналған «Ертегілер елінде»  атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға барлығы қала балабақшалары мен мектептерінен 15 бала қатысты. Балалар кітапханамен танысып, ертегілер желісі бойынша ойындар ойнады және «Жыл басы» ертегісін сахналады. Іс-шара соңында әр балаға тәтті сыйлықтар және сертификат табысталды. Іс-шараны ұйымдастыру барысында студенттер болашақ мамандығына қажетті құзіреттіліктерін көрсетіп, өздерінің ұйымдастыру, артистизм, тәртіптілік қабілеттерін көрсетіп, ата-аналар алғысына бөленді.

Кафедра бжмдббтә
04.04.2022