"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Танымның үш жолы бар: ең оңайы - еліктеу, ең ащысы - тәжрибе, ең мәртебелісі - ойлау.

Конфуций

Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына орай қазақ тілінен 1 курс студенттері арасында олимпиада

          13.04.22. «Практикалық қазақ тілі» кафедрасы ұйымдастыруымен  Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына орай қазақ тілінен 1 курс студенттері арасында олимпиада өткізілді. Бұл шараға қазақ тілін меңгеруі деңгейі бойынша В1 және В2 оқитын студенттер қатысты.  

          Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың ішінен қазақ тілін еркін меңгерген үздік студенттерді анықтау, мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау.

         Олимпиада екі турдан тұрды. І тур жазбаша: студенттер ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап, сол бойынша эссе жазды. Ал ІІ тур ауызша: қатысушылар Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдығына орай жазушының көркем шығармаларынан жатқа үзінді оқыды, берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндірді.

         Олимпиаданың нәтижесі бойынша өзге ұлт өкілдерінің І және ІІ орын алған білім алушылар сәуір айында өтетін республикалық олимпиадаға қатысады.

Өзге ұлт өкілдері арасында:

І-орын – Чахалова Этибар (ИЯ-21-1)

ІІ-орын  –  Денисова Анастасия (ИЯ-21-1)

ІІІ-орын  – Семенычева Марина (РЛ-21)

         Қазақ студенттері арасында:

 І-орын – Какимова Данагүл (ИЯ-21-1)

ІІ-орын  –  Касымова Айнұр (ДОВ-21)

ІІ-орын  –  Қайрат Мадина (УиА-21)

ІІІ-орын  – Басыбай Данагүл (ИЯ-21-1)

ІІІ-орын  – Даулиева Аина (ИЯ-21-1)

ІІІ-орын  – Алпысбай Арман (И(о)-21

  

   

Кафедра пқт
13.04.2022