Университеттің психологиялық қызметі және «Тіл және әдебиет» институтының ұйымдастыруымен өткен тренинг «Студенттер арасында эмоционалдық интеллектті дамыту» деп аталды. Негізгі мақсаты білім алушылардың бойында эмоционалдық интеллект сынды кәсіби маңызды қасиеттерді дамыту болды. Бұл заманауи маманға қажетті қасиет: эмоцияларын білдіріп, басқару қабілетін жақсартады, басқалардың сезімін оқып, көруге үйренуге көмектеседі. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өтті.
«Эмоциялық интеллект туралы идеяларды дамыту және қалыптастыру үшін мамандар әртүрлі жаттығулар мен тәсілдерді қолданды. Сол арқылы бір-бірінің ішкі сезімдерін және басқалардың моральдық жағдайын түсінуге бағытталған»,-деді университеттің психологиялық қызметінің маманы Камила Дюсембекова. Мұндай кездесулер университетте студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің ішкі рухани дүниетанымдары үшін маңызды.