"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нағыз білім, дененің шынайы мәдениеті сияқты, үйлесімділік пен оған деген ұмтылыс, бұл қол жеткізілген мақсатты сезіну және сонымен бірге алға жылжу ниеті

Герман Гессе

Докторанттарды құттықтаймыз!

Апта жағымды жаңалықпен басталды! Университетіміздің «Инженерлік және сандық технологиялар»  факультетінің  докторанттарына диплом табысталды. Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен докторлық диссертацияларын сәтті қорғап шыққан 8 ізденушілерге Философия докторы  (PhD) дәрежесі берілді.

Төменде Қозыбаев университетінде (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесін алған ғалымдардың  тізімін ұсынамыз:

«Информатика, есептеуіш техника және басқару» мамандығы бойынша: 
- Альбина  Казанбаева
- Акерке Аканова
- Гүлнұр Еркебұлан

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша :
- Саят «Молдахметов
- Екатерина Риттер
- Нурбол Калиаскаров
- Абай Кошеков

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша :
- Альфия Бигалиева      

Марапаттау рәсімі  факультет деканы, профессор-оқытушылар және докторанттардың қатысуымен өтті. Барша диплом иегерлеріне ғылым жолында жеткен жетістіктеріне табыс тілеп, шын жүректен құттықтаймыз!

25.04.2022