Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан Start-up жобалар байқауын бұл жолы Қозыбаев университетінің Жас ғалымдар кеңесі студенттік үкіметпен бірлесіп ұйымдастырды. Оған бакалавриат студенттері мен магистранттар қатысты. Байқау екі кезеңнен құралды.
Алдымен байқауға жіберілген барлық өтінімдер қарастырылды. Ақырғы кезең ашық пікірталас алаңы форматында өтті. Ақтық сынға ИСТФ, МЖҒФ, АФ студенттерінен ең мықты 8 ғылыми жоба іріктеліп, әділ-қазылар алқасы жобаның ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы тұрғысынан бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
-Олег Смолин (ИСТФ, РИСП-21) «Зерттеу жұмыстарына арналған портативті ғылыми деректерді жинау станциясы» жобасымен.
-Полина Савельева(МЖҒФ, ХТОВ-19). Стартап тақырыбы: «Полимерлерді қайта өңдеу өнімдерін пайдалана отырып, жол төсеміне арналған модификацияланған битум-минералды композицияларды әзірлеу».
-Степан Сарычев(АФ, ТПП-20). Тақырыбы: «МолВин» ферменттелген әлсіз алкогольді сүт сусыны». Патент алуға рецептура беру жоспарлануда.
Жеңімпаздар өздерінің ғылыми жобаларын алға жылжыту үшін 80 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Енді жыл бойы олар өз жұмыстарын өндіріске енгізіп, ҚР БҒМ БҒСҚК ұсынған басылымда жарияланым жазуы қажет.