"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

...Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.

Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани

Халық бірлігі – мемлекет пен азаматтардың мызғымас іргетасы

Осындай атаумен университетте еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі – 1 мамырға арналған диалог алаңы өтті. Жиынға мәдениеті әр түрлі этностар мен конфессиялардың өкілдері қатысып, қоғамымыздағы достықты нығайту мәселелерін талқылады. Ұйымдастырушы – Қозыбаев университетінің ҚХА кафедрасы. Шараға  еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жас ерекшеліктері әртүрлі қатысушылар жиналды. Солардың бірі СҚО құрметті азаматы Жақсылық Ысқақов құнды тағылымдарымен бөлісті.

Басқарма Төрағасы – Ректор Ерлан Шұланов өз сөзінде: «Біз мамандарды басқа мәдениет өкілдерімен сәтті араласа алатын әрі, жаһандық әлемде өмір сүруге дайындауымыз қажет. Бұл олардың бәсекеге қабілетті болуының бірден-бір жолы». Сондай-ақ спикер ретінде Беларусь Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Ничкасов сөз сөйледі. 25 жыл бойы Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі, өйткені бүгінде республикада 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт шаңырақ астында тұрып жатыр.

26.04.2022