Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына бос орын туралы

«М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

«М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1) экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент және/немесе қаржы және кредит салаларындағы жоғары кәсіптік білімі, мүмкіндігінше Ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық салада және/немесе Юриспруденция саласында қосымша білімі бар;

2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі - кемінде үш жыл;

3) басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі;

4) қоғамның өндірістік – шаруашылық қызметін регламенттейтін, оның ішінде аудиторлық қызмет, Бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

5) ішкі аудиторлар институты (The Institute of Internal Auditors Inc) әзірлеген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық ішкі аудиттің кәсіби стандарттарын, халықаралық аудит стандарттарын (АХС) білгені жөн);

6) қосымша арнайы даярлығы, атап айтқанда "аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған "аудитор" біліктілік куәлігінің және/немесе CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификатының және/немесе ACCA (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтерінің сертификатының және/немесе Dip IFR (Diplomain International Financial Reporting) дипломының және/немесе CIPA (certified International Financial Reporting) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификатының болуы кәсіби есепші)»;

7) мемлекеттік және шет тілдерін білгені жөн.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7152) 493233, қос. 1022, 1020 телефонына хабарласыңыз, каб. 219/2.

28.04.2022