Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Карточная королева» Гран-при иегері

Бүгінде косплей жасау үлкен танымалдылыққа ие. Қозыбаев университетінің студенттері де трендттен қалыс қалмай алғаш рет  косплей  байқауына қатысты. Аталған конкурсқа қаламыздың  үлкен-кіші тұрғындары ерекше қызығушылықпен қатысты. Әртүрлі мамандықта оқитын  студенттер мен мектеп оқушылары өздерінің сүйікті кейіпкерлерін қайталауға тырысты. Барлығы 30-ға жуық косплей таңдалды.

Заманауи мәдениетті насихаттаушылар келушілердің назарына сахналық қойылымдарын  ұсынды. Қатысушылар түрлі киіммен жасанып, дене бітімі, мінез-құлқы, қозғалыс, бет әлпетінің ерекшелігін беру арқылы әдебиет, кинематография, комикстер, компьютерлік ойындар және тағы да басқа кейіпкерлерінің бейнесіне енді.

Нәтижесінде  «Айдол Пак Чимин» кейіпкерін сомдаған 2 курс студенті Дания Абилева «Үздік би» номинациясы мен  сұлулық салонына  сертификат жеңіп алды. Гран-при  иегері  Мила Ситник 16 мектептің оқушысы «Карточная королева» бейнесін сомдап үлкен кәуапқа сертификат және «Jas Otan» виртуалды шындық көзілдірігі бар жинағын ұтты.

Анна Пильченко 2 курс студенті топ жарып, 1 дәрежелі диплом мен «Жас Отан» виртуалды шындық көзілдірігі бар жинағына  ие болды. Ол «Милый во Франксе» кейіпкерін сомдады. 2 орынға жайғасқан Виктория Кудимова мен Алина Стеценко «Геншин импакт на Люмин и Кэ Цин» ойынынан алынған кейіпкерлерді сомдап «Jas Otan» атынан жинақ пен бассейнге абонементтерді иеленді. Ал 3 орын үшін Полина Савельева мен Лена Жартовская 3 курс білім алушылары  «Кушины из Наруто и Гермионы» образдарын сомдап фотосессияға сертификат, «Jas Otan» атынан  жинақ пен  АКС сертификаты.

Барлық мектеп оқушыларына КU жейделері беріліп, қалған қатысушылар үшін кинотеатрына, полтергеист пен тәттілер дүкеніне билеттер табысталды.

28.04.2022