Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Болашақ ұстаздар арасынан үздіктер анықталды

Қозыбаев университетінің базасында дефектологиядан XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Өткен жылы жеке біріншілікте осындай зияткерлік сайыста жеңімпаз атанған студентіміздің арқасында шараны өткізу құқығына ие болдық. Жарыс қатысушылары «Арнайы педагогика» оқыту бағыты бойынша 2-3 курс студенттері.

Сайыста ҚР жоғары оқу орындарынан  12 команда  бақ сынасып , 9 – мемлекеттік тілде және 3 – орыс тілінде.

Қатысушылар 2 айналымның : «Менің болашақ мамандығым –  ұстаз» кәсіптік бағдар беру бейнеролигін әзірлеу, «Арнайы педагогика», «Арнайы психология» және «Инклюзивті білім беру» пәндері бойынша  тестілеу       тапсырмаларын орындады.

Барлық команда әр айналымнан сүрінбей өтіп, жеңімпаздар анықталды :

Өз білімдері мен біліктіліктерін жан-жақты көрсетіп Гран-при иегері атанған Қозыбаев университеті командасы.

1 орын  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің командасына берілді. 2 орынды өзара Павлодар педагогикалық университеті және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің командалары бөлісті. 3 орынды да екі бірдей команда иеленді: Павлодар педагогикалық университеті  және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің командалары.

29.04.2022