Сөздәйектер галереясы
...Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.
Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани
Жүзуден кіл мықтылар
Жүзуден университет чемпионаты оқу ордамыздың 50-ден астам студенттерінің басын қосты. Бұл жолы 6 құрама жиылған. Үміткерлер 50 метрлік қашықтықта брасс, шалқалап жүзу, алдыңғы кроль әдістері бойынша күш сынасты.
Сонымен қатар чемпионат бағдарламасына қысқа қашықтықта еркін жүзу бағдарламасы бойынша қыздар , ұлдар 4*50 метрлік аралас эстафетада жарысты. Тартысты дода қорытындысы бойынша: жалпыкомандалық есепте 1 орын Педагогикалық факультетке бұйырса, 2 орын ТЭҚФ еншісіне тиді. Ал, үздік үштікті ИСТФ тұйықтады.
29.04.2022
