Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Республикалық олимпиадаларды бағындырудамыз

«Алғашқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІІ Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қозыбаев университетінің командасы 3-ші жалпыкомандалық орынға ие болды!

Зияткерлік сайыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінде өтті. 10 команда бақтарын сынады. Университетіміздің атынан «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» бағдарламасының 3 курс студенттері Елена Демиденко, Карина Финк, Ольга Подгурская қатысты. Команданы дайындаған  Горохов А.С. және Буняшин И.В.

«Музыкалық пәндер» кафедрасының студенттері де республикалық деңгейде өз өнерлерін көрсетті. Олар «Музыкалық білім» ББ бойынша ҚР оқу орындары арасында өткен XIV студенттік олимпиаданың (Алматы қ.) жеңімпаздары атанды.

«Музыкалық ағарту» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Алтынай Калкенова (жетекшісі аға оқытушы Жукова Т.В.), ал Алина Бабаева II дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі аға оқытушы Кулжанова Ж.Ж.). Инна Пашковская «Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі» негізгі номинациясында «Өнерпаздығы үшін» марапатталды (жетекшілері аға оқытушы Куспанова М.Т., аға оқытушы Жукова Т.В., аға оқытушы Хлыстун В.Г.)

Білім алушыларымызға  алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!!!

29.04.2022