Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру
СҚО орман шаруашылықтарында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына («Табиғат» бағыты бойынша) енгізілген ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде. Бағыт Қазақстан Республикасының аумағында 2 миллиард ағаш отырғызуды көздейді. «Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» ББ студенттері «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-де ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты. Бағдарламаға қатысу студенттер үшін бірнеше міндеттерді шешеді: ағаш отырғызу технологиясын игеру, орман шаруашылығының жұмысымен танысу, отырғызу материалымен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын игеру, ұлттық жоба бастамаларының маңыздылығын түсіну және тағы басқалар.