Сөздәйектер галереясы
Жаманмен жолдас болсаң, жаласына қаласың. Наданмен жолдас болсаң, бәлесіне қаласың.
Халық даналығы
"Ағаш отырғыз" экологиялық акциясы
Мещан орманы – облыс тұрғындарының сүйікті демалыс орны (Тарихи-Мещан кентін қоршап тұрған орман, XIX ғ.). Оның аумағын сақтау және ұлғайту – дұрыс азаматтық ұстаным, ал жүргізілетін ағаш отырғызу жұмыстары – осы биоманың ұзақ тіршілік етуінің кепілі.
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде "М.Қозыбаев атындағы СҚУ" КЕАҚ Агротехнологиялық факультетінің студенттері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған "Ағаш отырғыз" экологиялық акциясына қатысты.
Күтілетін нәтиже ретінде – қарағайдың жаңа көшеттері есебінен Мещан орманының ауданын ұлғайту.
30.04.2022
