Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Мәдениеттер фестивалі- 2022

Университеттің бас алаңында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Мәдениеттер фестивалі–2022» өтті. Студенттер елімізде тұратын түрлі этностарды таныстырды. Олар көрермен назарына  салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, ұлттық тағамдарды ұсынды. Жарқын  билер  мен көтеріңкі көңіл-күйді келтіретін әндер шырқалды. Көздің жауын алған көріністердің  бірі кавказ ұлтының лезгинка биі , сонымен қатар түрлі-түсті сари киген Үндістаннан келген студенттер өнер көрсетті .

Достық пен бірлікте өткен шарада көрермендер мен жас өнерпаздар қосылып, ән шырқап, қол соғып, бір-біріне қолдау көрсетті. Айта кетсек, университетімізде 40-тан астам ұлт өкілдері білім алуда.

02.05.2022