Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

450 қатысушының арасынан үздік атанды

450 қатысушының арасынан үздік атанды «Қаржы және менеджмент» кафедрасының студенттері Екатеринбург (РФ) қаласында өткен XII Еуразиялық экономикалық жастар форумына қатысты. Оған 92 елден, 149 университеттен барлығы 8 мыңнан астам делегат жиналды. Форумда финалға шыққан қатысушылардың жұмысын 772 сарапшы бағалады, оның ішінде «Қаржы және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD Байтенізов Д.Т. бар. 

Студенттеріміздің ғылыми жобалары 450-ден астам үміткердің ішінен 123 қатысушының қатарынан көрініп, жұмыстарын қорғауға шақырылды. XII ЕЭЖФ кезеңі 6 конгресс аясында 45 конкурсты қамтыды: экономистер мен қаржыгерлер, инноваторлар, менеджмент және құқық, кәсіпкерлік және инжиниринг, стратегтер конгресі, мектеп оқушыларының съезі. Біздің студенттер «Инновациялық жобалардың қаржылық-инвестициялық саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру» бағыты бойынша қорғады.  Тренинг барысында алған кең көлемдегі кәсіби дағдылар өз жұмыстарын лайықты түрде көрсетуге және жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік берді.

Стратегиялар конгресінің жұмысы аясындағы номинацияны «Менеджмент» кафедрасының 3 курс студенті Олжас Айсин алды (жетекшісі Цвингер И.Г.)  2 дәрежелі дипломмен «Қаржы» ББ 3 курс студенті Анастасия Амелина марапатталды (ғылыми жетекшісі Фоот. Ю. В.)  1 орынды «Қаржы» ББ 4 курс студенті Алина Жалтурова иеленді (жетекшісі Байтенизов Д. Т.)  Марапаттау Орал мемлекеттік экономикалық университетінің базасында өтті. Білім алушылар  медальдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

04.05.2022