Тіл және әдебиет институты «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен университетіміздің базасында ҚР өзге ұлт өкілдері студенттері арасында қазақ тілінен республикалық пәндік олимпиада өткізді.
Жүйріктілерді біріктірген зияткерлік сайыста еліміздің тоғыз жоғары оқу орнынан 17 студент бақ сынасты.
1 орын – Озода Муталип (Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті)
2 орын - Ифтихор Гафуржанов (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ)
2 орын – Анастасия Денисова (Қозыбаев университеті)
3 орын – Аяжан Манапова (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ)
3 орын – Этибар Чахалова (Қозыбаев университеті)
3 орын – Бақтияр Мажидов (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті).
Біздің қатысушыларды олимпиадаға дайындаған Ахметова Т.А. мен Қошанова Ж.Т. Нәтижесінде олар I, II, III дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.