Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Патриот. Ғалым. Тәлімгер.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, СҚУ профессоры, академик Тайшыбай Зарқын Сыздықұлының 80 жылдығына арналған мерейтой өтті. Мерекелік кеште университет басшылығы, БАҚ өкілдері, еліміздің әр өңірінен келген әріптестері мен шәкірттері жылы  лебіздер және игі  тілектерін білдіріп, ғалымның еңбек жолындағы санадан сөнбес сәттерін сөз етті.

СҚО әкімінің орынбасары  Ғани Нығметов жиналған қонақтарға аймақ басшысының құттықтау сөзін жеткізді. Ғалымның өңір үшін рухани азық болған маңызды әрі құнды еңбектеріне тоқталды: «Құрметті Зарқын Сыздықұлы сізді сексеннің сеңгіріне келген мерей жасыңызбен құттықтаймын . Сіз үлкен ғалымсыз. Ұзақ жылдардан бері,  Солтүстік Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы  көптеген ғылыми мақалаларды  тарихшылар мен жазушыларға, өлкетанушылар мен зерттеушілерге арнадыңыз. ҚР гуманитарлық және қоғамдық саласында өшпес із қалдырдыңыз. Шешен дәріскер ретінде қолтаңбаңыз да айрықша ».

Зарқын Сыздықұлының арқасында Қозыбаев университеті мен Бөкетов университетінде  «Журналистика» мамандығы ашылды. Бұдан бөлек, ғылымға сіңірген үлесі зор: 12 оқу құралы мен оқулықтардың, 200-ге тарта мақалалар мен 11 монографияның авторы. Бүгінде профессордың еңбектері ғылыми ортада, оқырмандар арасында да жоғары бағаланады.

Тəжірибелі ұстаз оқу ордамызда 1997 жылдан бері қызмет атқарып, Республикадағы журналистік білімді ұйымдастырушылардың бірі ретінде білім берудің халықаралық тəжірибесін игеруден жалыққан емес.

Зарқын Тайшыбай «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстанның құрметті журналисі», А.Байтұрсынов атындағы «Саңлақ авторы» төсбелгілерімен, «Қазақ тілінің жанашыры» медалімен, Қазақстан Журналистер одағының, ҚР БҒМ мен АКМ құрмет грамоталарымен марапатталды.

Шара барысында  ҚР БҒМ «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» тағы бір төсбелгісімен марапатталды. 80 жылдығымен құттықтай отыра, қажымас қайрат, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз!

05.05.2022