Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Референдумды студенттер арасында талқылау

Ағымдағы жылдың маусым айында ҚР Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізбек. Нық айтсақ, референдум демократиялық реформалардың маңызды элементі. Мемлекет пен қоғам үшін маңызды мәселелер бойынша дауыс беруде білдірілген азаматтардың еркін, ауқымды қадамы. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіу мақсатында осындай кездесуді студенттер мен ПОҚ, «Jas Otan» ЖҚ, «Болашақ» филиалы, «АМАNАТ» партиясы және Петропавл қалалық «Жастар ресурстық орталығының» өкілдері өткізді.

Осы орайда атап өтуге маңызды: Мәжілісте сайлау жүйесі өкілді жүйеден аралас жүйеге ауысады. Конституциялық реформа нәтижесінде ҚР Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде ешбір саяси партияға оның жақын туыстары мемлекеттік басшылық қызметтерді атқара алмайды. Парламент палаталарының дербестігін арттыра отырып, олардың өкілеттіктерін кеңейту көзделуде.

Отырыста сөз алған  Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мыңбай Әлфараби, Конституцияның жаңарту  процесіне халықтың қатысуы маңызды екенін, елдің саяси жүйесі түбегейлі өзгеретіндігін атап, елімізде соңғы рет  27 жыл бұрын референдумның өткендігін тілге тиек етті.

12.05.2022