Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Сенатор Ерік Сұлтанов Қозыбаев университетінде

Іс-сапарымен келген сенатор Ерік Сұлтанов және СҚО мәслихатының депутаты Есжан Оразалин студенттермен кездесу өткізді. Жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Сенатының депутаты жастарды жалпыхалықтық референдумның негізгі мақсатымен, Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістермен таныстырды.

«Маңызды құжаттардың бірі Конституцияға , енгізіліп жатқан өзгертулерді халық тарапы қолдап жатыр. Ең алдымен, конституциялық реформаның суперпрезиденттік биліктен, президенттік басқару және парламентке ауыстыру болып табылады. Жалпы, 33 бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Өзгерістер қолданыстағы 31 баппен қоса, толықтырулар екі жаңа бапты қамтиды. Енді заң қабылдайтын бірінші буын Мәжіліс болса, заңдарды Сенат бекітеді»,-дейді Ерік Сұлтанов.

Түзетулермен толықтырулардың толық мәтінімен әрбір қазақстандық референдумға дейін таныса алады. Нақты атап өтсек, 98 баптан тұратын Конституцияның үштен бір бөлігі жаңартылмақ.

13.05.2022