Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Шетелдік тәжірибеге жол ашық!

Достар, сіздердің назарларыңызда  шетелдік тәжірибе мен кәсіби дағдыларын меңгеріп жүрген студенттеріміз! Міне 10 жылдан астам уақыт Агротехнологиялық факультеттің студенттері мен магистранттары шетелдік тәжірибиден өтуде. «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» ББ бағдарламасының 3 курс студенті Даниал Зайкин Германиядағы LOGO бағдарламасы бойынша Баварияда орналасқан Поммерсфельден  қаласында өндірістік тәжірибеден өтуде. Практиканы өту барысында студентіміз сүтті қабылдау технологиясын меңгеріп, ірімшіктерді дайындау және ораумен айналысады.

Осындай таптырмас мүмкіндікті пайдаланып  Biohof  Elfrich органикалық фермасында өндірістік тәжірибеден «Агрономия» ББ 3 курс студенті Шұғайып Қапаров та өтуде. Аталмыш ферма Мюнстерландтағы көкөніс секторындағы ең озық компаниялардың бірі болып табылады. Өз өнімдерін тікелей нарыққа жаңа күйінде жеткізеді. Мұнда білім алушы органикалық қырыққабаттың, брокколидің, пияздың, салаттың және басқа да түрлерінің қалай өсетінін білді.

Қазіргі уақытта 12 студенттеріміз  Германияның әртүрлі фермаларында, кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтуде. Айтып өткен жөн, білім алушылар алты ай бойы осы жерде тұрақтап, өз жұмыстары үшін ай сайын жалақы алатын болады.

31.05.2022