Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша жұмыс жалғасуда

Сыртқы аудит үшін Қозыбаев университетіне білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) өкілдері келді. Екі сараптамалық топ екі күн ішінде бес білім беру бағдарламасына баға берді:

· PR-журналистика
· Мемлекеттік әкімшілік ету
· Дефектология (логопедия)
· Мәдени-тынығу жұмысы
· Шетел филологиясы

Білім беру бағдарламаларын бағалау рәсімінің алгоритмі мынадай болды: Басқарма мүшелерімен, құрылымдық бөлімшелер басшыларымен және ББ бағдарламалары, ПОҚ, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен міндетті сұхбат жүргізу. Сондай-ақ университеттің материалдық-техникалық және оқу-зертханалық құрамымен танысу, практика базаларына бару. IQAA жұмысының ерекшелігі Директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесу болып табылады.

Қорытынды бойынша сарапшылар тобы Қозыбаев университеті сапаны қамтамасыз ету саясаты мен стандарттарын ұстанатынын, Академиялық адалдық қағидаттарына ерекше назар аударатынын атап өтті. Соңғы уақытта оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны артты, жоо студенттері республикалық олимпиадалардың жиі жүлдегерлері. 

Сарапшылар ЖОО басшылығына республикалық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен байланыстарды жолға қоюды, жоо ғалымдарының жарияланымдық белсенділігін, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын және т. б. күшейтуді ұсынды. ББ бағдарламаларын бағалау нәтижелері Аккредиттеу кеңесінің отырысынан кейін маусым айында белгілі болады.

01.06.2022