Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Балалар ғылым әлемінде!

Қозыбаев университеті мен Оқушылар сарайы солтүстікқазақстандық балғындарға, Балаларды қорғау күнінде нағыз мереке сыйлады. Себебі, ұйымдастырушылар ғылымды насихаттауға және жас зерттеушілерге қолдау көрсетуге тырысады. Шеберлік сабақтары, робототехника және интеллектуалды, танымдық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Балалар ашық зертханаларды аралап,  өздерін жас суретшілер, дизайнерлер, зерттеушілер, қолөнер шеберлері ретінде сезіне алды.

Университетіміздің студенттері мен ғалымдары есте қаларлық Химиялық шоу өткізді. Тәжірибе түрінде олар заттардың өзара әрекеттесуінің күрделі процестерін көрсетті. Сондай-ақ, 9-11 сынып оқушылары арасында университетіміздің педагогикалық ұжымымен кездесулер өткізілді. Аризона университетімен бірге қос дипломдық бағдарламаларға қабылдау мәселелерін талқылады.

Жиынның келесі кезеңінде студенттер мен мектеп оқушылары «Science talks» атты ғылыми коммуникация сайысына қатысты. Олар техника, медицина, биология, химия, физика немесе математика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттарының ғылыми жаңалықтарын қарапайым тілмен жеткізе білді. Байқауға жұмыстар бейнеролик түрінде қабылданып, үздік 10-дық  финалға өтіп, қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғап шықты.

Нәтижесінде 10-сынып оқушысы Дария Ахтаева (Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебі) жеңімпаз атанды!
2 орын Алина Нұрмағамбетоваға (М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі) бұйырды.
3 орынды  Максим Ильиненко (Петропавл қаласындағы № 2 орта мектеп) иеленді.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар естелік сыйлықтарға ие болады. Құттықтаймыз!

 

01.06.2022