Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Шет тілін оқытудың жаңа әдістері

Университетімізде шет тілі мұғалімдеріне арналған «Онлайн білім беруден дәстүрлі білім беруге көшу: қашықтықтан оқыту стратегияларын сабақта қолдану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара Қазақстанның ағылшын тілі мұғалімдерінің ұлттық қауымдастығы «KazTEA» және Солтүстік Қазақстандық ағылшын тілі мұғалімдерінің «ATENK» қауымдастығымен, сондай-ақ Петропавл қаласының НЗМ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Әріптестер цифрландыру дәуірінде шет тілін оқытудың мүмкіндіктерін талқылады.

Конференция Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің ағылшын тілі бағдарламалары бойынша аймақтық кеңсесінің және Оксфорд университетінің баспасының қолдауымен өтті.

Жалпы отырысқа 200-ден астам адам қатысты: Қазақстан мен АҚШ ғалымдары мен оқытушылары. Негізгі спикерлер қатарында шетелдік және отандық сарапшылар болды: Джон Силвер – Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің Аймақтық кеңсесінің директоры, Татьяна Летяйкина – KazTEA президенті, Пол Вудфол – Оксфорд университетінің кәсіби даму жөніндегі бас маманы және т.б.

Кездесуде мынадай сұрақтар қарастырылды:
аралас оқытудың кәсіби деңгейін арттыру;
ағылшын тілін үйренудегі 21 ғасыр дағдылары мен оқу үдерісіне веб-қосымшаларды біріктіру;
инклюзивті білім беруді енгізу;
STEAM оқыту бағдарламалары шеңберінде пәндік білімге белсенділікті арттыру.

Конференцияның қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару көзделуде.

02.06.2022