"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Жас ғалымдар кеңесі жас ғалымдарға арналған Басқарма Төрағасы – ректордың грантына конкурс өткізуді жариялайды

Жас ғалымдар кеңесі Ғылым департаментімен бірлесіп ЖОО-ның 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары үшін Басқарма Төрағасы - ректордың грантына конкурс өткізеді.

Байқаудың мақсаты: М. Қозыбаев атындағы СҚУ жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру.

Байқауды өткізу жоспары: байқауға қатысушылар smu@ku.edu.kz электрондық мекенжайына келесі құжаттарды ұсынады:

-     осы ақпараттық хатқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі байқауға қатысуға өтінімді;

-     осы ақпараттық хатқа 2-қосымшаға сәйкес жобаны ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген жобаны электрондық түрде (pdf форматында) таныстыру.

 Өтінімдер 2022 жылдың 30 мамырынан бастап 2022 жылдың 24 маусымына дейін қабылданады.

Байқауды өткізу тәртібі: байқауды ұйымдастырушы 2022 жылдың 29 маусымында байқау комиссиясының алдында қатысушылардың жобаларын көзбе-көз тыңдау рәсімін ұйымдастырады.

Байқаудың қорытындыларын шығару байқау өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Байқауды өткізу нәтижелері бойынша алты жеңімпазға әрқайсысына одан әрі ғылыми-зерттеу қызметіне 300000 теңге мөлшерінде ақшалай гранттар бөлінетін болады.

Қосымша сұрақтар бойынша 87055698255 телефонына хабарласуға болады: Петров Павел Анатольевич, ЖҒК төрағасы.

 2022 жылға арналған университеттің жас ғалымдары үшін Басқарма Төрағасы - ректордың грантының байқау ережесі

2022 жылға университеттің жас ғалымдары үшін Басқарма Төрағасы - ректордың грантына арналған байқаудың ақпараттық хаты

03.06.2022