Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

IQAA сарапшылары аккредиттеу өткізді

ЖОО-да білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) үш сараптамалық тобы жұмысын аяқтады. Олардың міндеті тоғыз білім беру бағдарламасының аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау еді:
1. Бизнестегі экономика
2. Қаржылық талдау
3. Экономика
4. Менеджмент
5. Менеджмент (магистратура)
6. Органикалық заттардың химиялық технологиясы
7. Органикалық заттардың химиялық технологиясы (магистратура)
8. Информатика
9. Астрономия және қашықтықтан зерттеу әдістері (магистратура)

Сарапшылар жоспарланған сұхбаттардың барлығын сапар бағдарламасына сәйкес жүргізді. Сараптамалық топтардың жетекшілері біздің университеттің оң жақтары ретінде нақты стратегия мен, мықты көшбасшылар тобының болуын, аккредиттеу жүйесінің  ұйымдастырылуын, қос дипломды білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылу барысын атады.

Сонымен қатар, сарапшылар жоо-ға кәсіби бағдар беру жұмысын күшейту, оқу процесіне тартылатын оқытушы-практиктердің санын ұлғайту, сапа саласындағы Саясатты жаңарту қажет деп санайды. Білім беру бағдарламаларын бағалау нәтижелері Аккредиттеу кеңесінің отырысынан кейін маусым айында белгілі болады.

03.06.2022