Нұр-Сұлтан қаласында «ТМД елдерінің ІІ халықаралық кітап басылымы «Үздік педагог - 2022» халықаралық байқауы ұйымдастырылды. Жобаға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь елдерінің түкпір-түкпірінен келген 500-ден аса оқытушылар мен ғалымдар ат салысты. Аталмыш бірегей жоба, ТМД мен Еуропадағы ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің жеке табыстарын және ғылымды ілгерілетуге бағытталған. Олардың ғылыми жобалары арнайы комиссияның сараптамасына жіберіліп, ең үздіктері жинаққа жариялану үшін таңдалды.
Амангелді Иманов дуальды оқытуды енгізу тәжірибесі мен студенттердің кәсіби тәжірибесі туралы ғылыми жоба дайындады. Нәтижесінде 1-дәрежелі Диплом мен төс белгісін университетіміздің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Амангелді Иманов иеленді.
Әріптесімізді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа шыңдарды бағындыруларыңызға тілектеспіз!