Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Студенттер аграрлық саладағы IT-технологияларды меңгеруде

Білім алушылар үшін оқу күндері аяқталса да, университетте қызықты шаралар жалғасуда. Агротехнологиялық факультетінің оқытушылары мен студенттері Egistic IT-компаниясының өкілдерімен кездесті. Ол агрономдарға, фермерлерге арналған, онлайн ферманы басқару жүйесін әзірлеуде.

Қазір оны Қазақстанның жалпы ауданы 1 000 000 гектардан асатын 100-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорындары пайдаланады. Бұл онлайн жүйе ауылшаруашылық процестерін жеңілдетуі мүмкін: ауыспалы егіс, агрохимиялық топырақ талдауы, белсенді температура мен  шаруашылық радиусындағы 14 күндік ауа райы болжамы және т.б.

Технологиялар бір орында тұрмайды, сондықтан біздің студенттер болашақ мамандықтың барлық қыр-сырын және мүмкіндіктерін зерттеуді жалғастыруда. Egistic компаниясының коммерциялық директоры Диана Қабдушева студенттерге тәжірибесімен оның маңыздылығына тоқталып, ұжымның қызметі жайлы толыққанды ақпаратпен бөлісті. Кездесу соңында қонақтар, компания атынан бағалы сыйлықтар табыс етті.

15.06.2022