Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Шарын шатқалы мен Бурабайдағы тәжірибе

Алған білімдерін практикада қолданып, қажетті жабдықты зерделеуге үйренген «География және экология» кафедрасының студенттері далалық тәжірибелерін Алматы және Бурабай қалаларында өткізді. Болашақ география мұғалімдері табиғи аймақтарды, Шарын шатқалы, Іле-Алатау ұлттық паркі, Қапшағай су қоймасы, Медеу, Көк-Төбе және  мұражайлар мен ботаникалық бақ сынды нысандарды аралады.

Оқытушы И.В. Лаптевамен бірге эколог-студенттер Бурабай қаласындағы, Кенесары үңгірін, көгілдір шығанағының жағалауын, Бөлектау тауын, Жұмбақтас жартасын көруге мүмкіндік алды. Аймақтың флорасы мен фаунасымен танысып,  күн сайын сол жерлерде экологиялық бақылаулар жүргізілді. Мұндай тәжірибе білім алушылардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, олардың өзіндік жұмысының дамуына ықпал етеді. Практика барысында студенттер ақпаратты іріктеуге және жүйелеуге, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытып,  далалық материалды дұрыс жинап, реттей білуді игереді.

15.06.2022