Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Болашақ ұстаздардың ілгері қадамдары

Университетте қызықты кездесулер жалғасуда. Бұл жолы – педагогикалық бағыттағы студенттер Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уәлиевпен кездесті. Олар, білім беру саласындағы әртүрлі тақырыптарды: әр тұлғаның жеке кәсіби жолы мен әлемдегі ұстаздықтың маңыздылығын талқылады.

Данияр Серікұлы ұстаз еңбегінің маңызды, түйінді сәттеріне тоқталып, сол арқылы студенттерімізді  болашақ маман болуға ынталандырды. Сонымен қатар, шараның маңызды бөлімі  университет түлектерін одан әрі жұмысқа орналастыру болды.

«Біз бәсекеге қабілеттілік туралы , елдің болашағы жайлы айтып отырмыз. Әр адам өз қызметін тауып, өз ісін жақсы меңгерген кәсіби маман атанып, жаңашылдық әкелу керек. Сондықтан біз жас мамандарға әрдайым қуаныштымыз»,- деп спикер бөлісті. Болашақ ұстаздар НЗМ-де жұмыс істеудің келешегі мен мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, өз сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

16.06.2022