Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Мағжан оқулары -2022

Мағжан Жұмабаев – халқының бостандығы үшін күрескен тұғырлы тұлға. Университетімізде  әйгілі жерлесіміздің шығармашылығын зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Биыл қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, Алаш қайраткері, Мағжан Жұмабаевқа 129 жыл.

Осы орайда «Мағжан оқулары -2022:Ұлы Даланың рухани мұрасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Кездесу Қазақстанның, сонымен қатар, Түркияның ғалымдары мен әдебиет сыншыларынның және қоғам қайраткерлерінің  басын қосты.

«Әріптестер бүгін ерекше күн. Баршаңызды Мағжан оқуларының басталуымен құттықтаймын. Ұлы Абайдың ізбасары болған қазақ поэзиясының практигі Мағжан ағамыздың нәзік лирикасы өз халқынынң баға жетпес құндылығына  айналды.Жақсы жаңалықтардың бірі, енді бір ай көлемінде өңірде  Мағжан Жұмабаев туралы 4 бөлімнен тұратын тарихи телехикая түсіріліп жатыр. Туындыға бір топ әртістер қатысуда. Жалпы тарихи телехикая болатынына сенімдімін, сәттілік серік болсын» -СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов.

Жиында түрік университеттерінің бетке ұстар тұлғалары қатысып, елін сүйген ақиық ақынның Түркиядағы шығармашылығын зерттеу жайлы баяндамаларын ұсынды. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, Сабыр Сеңкібаев  Мағжан Жұмабаевтың ұстаздық-тәлімдік ілімдеріне тоқталып, поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, тіл құдіретінің образ жасаудағы икемділігі және қаламгердің сөз таңдауын талқылады.

16.06.2022