Сөздәйектер галереясы
Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
ТӘЖІРИБЕ ОРНЫ-ЖҰМЫС ОРНЫ!
Өндірістік тәжірибе – «Қаржы» және «Менеджмент» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды дайындаудың маңызды кезеңі.
«Радуга» ЖШС қаржы бөлімінде тәжірибеден өтіп жүрген болашақ қаржыгерлер үшін («Қаржы» ББ, 2 курс студенттері) өндіріс бойынша экскурсия өткізілді.
Студенттер өндірісті ұйымдастырумен, жаңа жабдықтармен танысуға, жұмыс жағдайында, қызмет барысында әртүрлі мамандық өкілдерін байқауға мүмкіндік алды. Бұрын осындай іс-шара «Менеджмент» мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін ұйымдастырылған болатын.
Экскурсия өте танымды болды.
«Радуга» ЖШС басшыларына мүмкіндік бергені үшін рахмет!
|
|
Кафедра ФиМ
