Мамыр айында Қозыбаев университетінде білім беру бағдарламаларын аккредиттеу рәсімі өтті. Бағалауды Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) және Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі жүргізді. Тексеру педагогикалық, техникалық және жаратылыстану бағытындағы бакалавриат, магистратура және докторантураның 28 білім беру бағдарламасын қамтыды.
Аккредиттеу кеңестері отырыстарының қорытындысы бойынша 26 білім беру бағдарламаларын 5 жыл, және екі ББ 3 жыл мерзімге мамандандырылған аккредиттеу туралы шешімдер қабылданды.Осылайша, Қозыбаев университеті тәуелсіз сараптау рәсімінен сәтті өтті! Педагогикалық ұжым мен студенттерді жоғары көрсеткіштермен құттықтаймыз!