Сөздәйектер галереясы
Педагог - жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.
"Тәжірибе" айдарынан
Агротехнологиялық факультеті «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасының студенттері Қызылжар ауданы Бескөл ауылы, «АБД-Орманы» ЖШС-де өндірістік тәжірибеден өтті.
Тәжірибеден өту барысында білім алушылар балқарағай, қарағай, шырша, дала жалбызын отырғызу бойынша жұмыс жүргізді. Отырғызғаннан кейін, олар кептіруден және мүк пайда болуынан қорғау үшін күріш қабығымен жабындалды. Күріш қабығы сулану арқылы бактофитпен алдын-ала өңделеді.
Студенттер сонымен қатар жүйектер құрып, қайың отырғызып, доға қойды.
Питомниктердегі тәжірибеде болашақ мамандар орман алқаптарын күту бойынша көптеген дағдыларды меңгереді.
