"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

"The role of natural resources in climate change"

"Орман ресурстары және орман шаруашылығы" ББ 3 курс студенттері Бурабайда С. Сейфуллин атындағы "Қазақ агротехникалық университеті" КЕАҚ ұйымдастырған "The role of natural resources in climate change" халықаралық жазғы мектебінде оқудан өтті! Спикерлер отандық және шетелдік сарапшылар. Студенттер ҚазОШАҒЗИ-ға, орман шаруашылығы экология және туризм жоғары колледжіне, "Дендропаркқа" барып, орман алқабында қарағай екпелерін таксациялау бойынша өз бетінше жұмыстар жүргізді. Халықаралық жазғы мектепте оқу аяқталғаннан кейін студенттер "Қаланы көгалдандыруға арналған питомникте ағаш-бұта тұқымдарын өсіру" тақырыбында StartUp жобасын қорғап, мектептің басқа қатысушылары арасында II орын алды!!! Студенттер бұл оқуды 3 кредитті меңгерумен сәтті аяқтады

Кафедра ажош
02.08.2022