Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
«Германиядағы тәжірибе» айдары
А-19қ тобының студенті Нәби Асыл Biberach қаласында орналасқан Biohof Miller кәсіпорнында өндірістік тәжірибеден өтуде. Кәсіпорын қаладан 10 км қашықтықта орналасқан.
Кәсіпорын көкөністер мен жемістерді өсірумен айналысады: ақжелкен, аскөк, шпинат, картоп, тәтті және қышқыл бұрыш, пияз, шалғам, қияр, құлпынай, шие, алма, шабдалы, өрік және тағы басқалар.
Жемістерден джем дайындалады. Сондай-ақ, табиғи жұмыртқа, қаймақ бар сүт фермасы бар. Күн сайын егістіктерден жиналған көкөністер мен жемістер қаланың супермаркеттеріне жіберіледі.
