"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын десең, тынымсыз қимыл үстінде болсын.

Ж-Ж.Руссо

1000-нан астам студент тегін білім алады

Грант жеңіп алған талапкерлер тізімі анықталды. ЖОО-на түсе отырып, әр үміткер өзінің қалаған білім грантын алғысы келеді. Осы жылы Қозыбаев университетінде 1000-ға жуық білімгер грант иегері атанды. Биыл балалардың Аризона университетімен бірлесе отырып, халықаралық қос дипломдық бағдарламалар бойынша тегін оқу мүмкіндігі бар .

«Бұл бағдарлама жаңа,  биыл ғана іске қосылды. Дегенмен қазірдің өзінде 170 грант бар. Айта кетсек, бұл бағдарламаға өте жоғары ұпай жинаған балалар оқуға түсті. Басты талаптардың бірі - ағылшын тілін білу. Университет,студенттерге бірінші курстан бастап тілдік кедергілерді жеңіп, ағылшын тілін меңгеруге көмектеседі. Сондықтан келесі жылы үміткерлер қатары артады деп ойлаймын», - деді қабылдау Департаментінің директоры Гүлмира Оспанова.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге, жетім және кәмелет жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға 10 грант бөлді. Қабылдау комиссиясы өз жұмысын жалғастыруда. Құжаттар 25 тамызды қоса алғанда қабылданады. Үміткерлер қабылдау туралы өтінішті электронды форматта, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы да, университеттің қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларының көмегімен де жіберуге құқылы.

 

15.08.2022