Сөздәйектер галереясы
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Қозыбаев университеті студенттерді қарсалды
1 курсқа қабылданған кешегі мектеп түлектерін Қозыбаев университеті қарсы алып, білім күнімен салтанатты түрде құттықтады. Биыл біздің Жоғары оқу орны еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1200 -ге жуық студентке есігін ашты.
Мерекелік жиынға оқытушылар мен университет табалдырығын жаңа аттаған студент-жастар, ата-аналар қатысты. Университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі Рената Апергенова білімгерлерді жаңа оқу жылымен құттықтап, оқу орданың оң өзгерістерін, 1 курс студенттеріне университеттің алға қойған мақсат- міндеттерін, жалпы ережелері мен академиялық саясатын, білім беру жүйесіндегі тың жоспарлар туралы баяндады. Сондай-ақ факультеттер бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды, олардың көмегімен бірінші курс студенттері кампуспен жақынырақ таныса алды.
Салтанатты шара талантты жастар ұйымдастырған мерекелік бағдарламаға ұласты.