"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

Білім, ғылым және өндіріс: өзара әрекеттесу қырлары

14 қазанда Инженерлік және Сандық Технологиялар Факультетінде «Білім, ғылым және өндіріс: өзара әрекеттесу қырлары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шараға келесілер қатысады:

- Тулешов Амандык Куатович – техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім министрлігінің Ғылым комитетінің академик У.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас директоры, Астана қаласы;

- Кошеков Кайрат Темирбаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Азаматтық авиация академиясының ғылыми жұмыстар және цифрландыру жөніндегі проректоры, Алматы қ.;

- Петропавл қаласының өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері;

- факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері.

Өткізілетін орны – екінші корпустың мәжіліс залы. Іс-шара сағат 15:00-де басталады.

11.10.2022